Алматы балабақшаларындағы бағалар бір жүйеге келтірілді

Алматы балабақшаларындағы бағалар бір жүйеге келтірілді

Алматы қаласының әкімдігі қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың бағаларын белгіледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі «2019 жылы Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-аналық ақы мөлшерін бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Осы ретте ресми құжаттарға сәйкес тәрбиеленушіге бір айдағы шығындардың орташа құны 27 502 теңге болды. Ал, бір балаға төленетін ата-аналық жәрдемақы мөлшері 18 500 теңгені құрайтын болады. Қаланың барлық аудандарындағы балабақшаларда тәрбиелік тапсырыс (образовательный заказ) орналастырылған. Мәселен, Алатау ауданында мемлекеттік тапсырыс 98, Бостандық ауданында 46, Медеу ауданында 63 мектепке дейінгі мекемелерде бар. Мемлекет тарапынан балалар үшін 20-дан 390-ға дейін балабақшадағы орынға төленетін болады.

Айта кетері, 2019 жылдан бастап балалар алты жастан бастап мектепке баруға міндетті. Егер бала бес жарым  немесе алты жасқа толса, ата-аналар өздерінің қалауларынша балаларын бірінші сыныпқа бір жылдан кейін жібере алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях