Алматыда ауа тазалығын бақылайтын қоғамдық қор құрылды

Алматыда ауа тазалығын бақылайтын қоғамдық қор құрылды

 Алматыдағы ауа тазалығын бақылаумен айналысатын «AAirVision.kz» қоғамдық қоры құрылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қордың құрылтайшылары Берік Қаниев пен Алексей Ни қаладағы ауа бассейнін бірнеше жыл ішінде тазартуды қолға алып отыр. Ол үшін қоғамдық қор мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен, қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс істемек.

– Қазір алматылықтар үшін ең басты проблема — ауа тазалығы. Біздің қор қоғамдық белсенділер, ғалымдар, инженерлер, экология бойынша сарапшылар, бұл проблеманың ортақ шешімін тапса дейміз. Біздің ұйым коммерциялық емес. Біздің мақсатымыз қаламызды барлығымыз үшін қауіпсіз ету. Осы жерден ортақ стратегия құрылса деп ойлаймыз. Аталған тақырыпта семинарлар, конференциялар өткізсек. Заң шығару процестеріне қатысып отыруға ниеттіміз. Бұл ұйым әкімдік пен халық арасындағы алтын көпір болмақ. Мұнда экологиялық мониторинг жүргізіледі. Халықтың экологиялық білімін арттырып, ел арасында экологиялық мәселелерді насихаттауды басты мақсат етіп отырмыз  – деді Берік Қаниев.

Ең алғашқы қадам ретінде заманауи мониторинг жүйесін жасау ұйғарылды. Бұл жүйе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген әдістемелердің негізінде жасалады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада 517 мыңнан астам көлік тіркелгенін хабарлаған еді. Одан бөлек, күн сайын қалаға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Сондықтан да қала атмосферасына шығарылатын зиянды заттардың деңгейі жоғары.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях