Конституция күніне арналды

Конституция күніне арналды

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының күні салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Алдымен сахнаға аудан әкімі Жандарбек Далабаев көтеріліп, осынау ұлық мерекенің мән-маңызына жан-жақты тоқталды. Мемлекеттің негізгі құндылықтары – тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі екендігін атап айтып, Мәңгілік ел атануға ұмтылған көп ұлтты еліміздің ынтымағы артып, береке-бірліктің арқасында жаңа табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.  Келесі кезекте Жандарбек Ермекұлы бір топ қарасайлықтарды Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттап, ізгі тілегін білдірді.

Мәдениет үйіндегі Конституция күні мерекесіне арналған салтанаттың соңы аудан өнерпаздарының сүйікті Отан, егемен ел, туған жерді арқау еткен үлкен концертіне ұласып, әсем ән айтылды, күмбірлеген күй шертілді, әдемі би биленді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях