Алматы облысының түрмелерінде жаппай маска тігіліп жатыр

Алматы облысының түрмелерінде жаппай маска тігіліп жатыр

Алматы облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар короновирустың таралуына қарсы күреске өз үлесін қосу мақсатында жаппай қорғаныш бетперделерін тігіп жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Елімізде коронавирустың таралуына байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен бақылау бекеттерінде тұрған барлық қызметкерлер медициналық маскамен қамтамасыз ету міндеттелді. Осыған орай Алматы облысындағы Заречный, Жауғашты ауылдарындағы түрмелерде бетперде тігу жолға қойылды. Қазіргі таңда 200-ге жуық сотталған екі ауысымда маска тігіп жатыр. Қосымша 50-ге жуық жазасын өтеуші үйретілуде.

Жауғаштыдағы әйелдер колониясында бетперде матасын кесіп, пішіп дайындап берсе, Заречный түрмесінде тігін машинасымен тігіп, ілгішін тағып, стерильді етіп шығаруда. Әр сотталушы әуел баста 5-10 маска шығарса, қазір күніне 70-80 бетперде әзірлейді. Ал, тәулігіне 7,5-8 мың дана тігіледі. «ЛА 155/8» мекемесінде жазасын өтеп жатқан Алмас есімді азамат та бірнеше күнде маска тігудің шеберіне айналды.

– Covid-19 пандемиясымен күресуге сотталғандар атынан үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл жерде ақшамызды төлеп жатыр жақсы. Мемлекет бізге тапсырыс берді. Одан басқа үкімет алдында арымыз таза болу үшін кейбір сотталғандар өзінің бір күндік жалақысын тегін халқымызға көмекке бердік, – дейді сотталушы.

Алматы облысындағы түзету мекемелеріне 150 мың бетпердеге қажет мата жеткізілген. Мұнан бөлек жазасын өтеп жатқандардың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, қорғаныс заттар таратылып тұрады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях