Алматы облысының полицейлері бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдікті іздеп тапты

Алматы облысының полицейлері бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдікті іздеп тапты

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі Алматы облысының полицейлері бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдікті іздеп тапты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілдері Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Көші-қон қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі есепке алу бойынша тексеру барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті іздеп тапқан. Нақтырақ айтқанда, тәртіп сақшылары тексеріс кезінде бір жылдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүргенін Рахат ауылының 29 жастағы тұрғынын анықтаған. Осы уақытқа дейін ер адамды Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан Республикасында тұратын ата-анасы іздеп жатқаны белгілі болды.

Іздеу жарияланған азамат туралы, оның нақты тұрғылықты мекенжайы мен уақытша тіркеуі жайлы мәлімет іздеп жатқан органға жолданды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях