Қазақстандықтарға пойыз билетін онлайн сатып алу ұсынылды

Қазақстандықтарға пойыз билетін онлайн сатып алу ұсынылды

1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа қауіпсіздік талаптарын жариялады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бас санитар дәрігер шешімімен 1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Мұнда вокзалдар әкімшілігі жолаушыларға билетті онлайн түрде сатып алуға кеңес береді. ҚТЖ сайты мен 14 интернет ресурстан, қызмет көрсету терминалдарынан билет алуға болады.
Әзірге бас санитар дәрігер шешімімен шығарып салушыларға вокзалға кіруге тыйым салынды. Бұл мәселе эпидемиялық жағдайға байланысты болады.
Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап, жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады.
15 мамырда билет сатылымы басталып, 23 мыңнан астам билет сатылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях