Алматы облысында «Жер – 2021»  оқу-жаттығуы басталды  

Алматы облысында «Жер – 2021»  оқу-жаттығуы басталды   

  Алматы облысында «Жер – 2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Бүгін Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалындағы оқу-жаттығу полигонында жойқын жер сілкінісі болған кезде іс-әрекетті пысықтау үшін арнайы дайындық басталды. Оған облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасы мен ТЖД өкілдері және басқа да басқармалардың азаматтық қорғау қызметкерлері қатысуда.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша Алматы облысында жойқын жер сілкінісі басталған. Соған орай жоғары әзірлік режиміне көшу, жер сілкінісіне қарсы қабылданған шараларының тиімділігі мен деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғау күштерінің үйлесімді іс-қимыл жасауы көзделді. Барлығы Өскеменнен 1 автоколонна құрылды. Оның құрамына 56 адам және 23 техника кірді. Автоколонна жергілікті полиция қызметімен бірге Алматы облысына қарай бағыт алады. Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде теміржолмен азаматтық қорғаудың инженерлік құрамаларынан 28 адам және 6 техника жіберілді. Штаб Алматы қаласында негізгі құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу және үйлестіру үшін құрылды. Бөлімшелерді онлайн-трансляцияға қосу тәжірибесі қолданылды. Бұл жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях