Облыс басшысы  Матай мектебінің психологын марапаттады

Облыс басшысы  Матай мектебінің психологын марапаттады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жасөспірімдерге зорлық көрсету фактісін анықтап, кінәлінің жазаға тартылуына мұрындық болған, ең бастысы жәбір көрген жасөспірімге дер кезінде психологиялық көмек көрсеткен Матай орта мектебінің психологы Ажар Дүйсенбекованы қабылдады,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желіліс басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ажар Дүйсенбекова жайлы блогер Жанна Ахметованың Фейсбук парақшасынан білгенін айтты. Оқиғадан бері біраз уақыт өткенімен, бұл психологты кәсібилігі үшін марапаттауға кедергі емес екенін де жеткізді.

Ризашылығын білдірген облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Ажар Дүйсенбековаға Құрмет грамотасын ұсынып, ноутбук сыйға тартты.  Ажар да өз кезегінде облыс басшысына алғысын білдірді.

Атап өтсек, Ажар Дүйсенбекова 11 жылдан бері Матай орта мектебінде психолог маман болып жұмыс істейді. Отбасында үш ұл тәрбиелеп отырған бақытты ана. 2018 жылы екі бірдей жасөспірім қыздың тағдырына араша түсіп, жәбір көрсетушінің заңға сәйкес жаза алуына, ал, қыздардың жаңа өмір бастауына маман ретінде атсалысқан психолог.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях