Алматы облысында темекі өндіретін зауыттың іргетасы қаланды (Видео)

Алматы облысында темекі өндіретін зауыттың іргетасы қаланды (Видео)

Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округінің аумағында Қазақстанда темекі өнімдерін өндіретін «КТ&G» деп аталатын жаңа зауыттың іргетасы қаланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Өндіріс орнының алғашқы құрылысы бастау алған салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев, Қарасай ауданының әкімі Ж.Естенов және аталмыш корейлік компанияның бас директорынан бастап басқа да өкілдері қатысты. Іс-шарада облыс басшысы Марат Елеусізұлы Оңтүстік Кореядан келген кәсіпкерлердің ұстанымын жоғары бағалады. Ал «KT&G» компаниясының бас директоры Пик Бок Ин мен Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулы Пак Нэчхон бұл зауыттың ашылуы екі елдің ынтамақтастығын одан әрі арттыруына себеп болатынын жеткізді. Айта кетейік, «KT&G» – әлем бойынша ең ірі өндіріс орындарының бестігіне кіретін халықаралық компания. Жаңа өндірісті іске қосу 90 млрд. теңгеден астам шетелдік инвестицияның келуін қамтамасыз етеді. Одан бөлек 100-ге жуық жоғары жалақылы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыттың салынуы жалпы аумағы 20 га жер телімін қамтиды. Компанияны құрылыс кезеңі 2022-2026 жылдарға жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 8 млрд таяқшаны, яғни стикті құрайды. Оның 60 пайызға жуығы экспортқа шығарылады. Ал жобаны тұрақты түрде электр қуатымен қамтамасыз ету жақында ғана іске қосылған «Көкөзек» қосалқы стансасы арқылы жүзеге асырылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях