Алматы облысында тағы бір сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысында тағы бір сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысының Іле ауданында тағы бір сервистік әкімдік ашылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының тағы бір ауданында сервистік әкімдік ашылды. Жаңа форматтағы мемлекеттік қызмет көрсету орталығы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында орналасқан. Мұнда бір мезетте 9 бөлім жұмыс істеп, 56 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады. Мамандар халықты жеке-жеке емес, ашық алаңда қабылдайтын болады. Бұл дегеніміз уақытты үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сервистік әкімдіктің ашылуы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Ернар Мақажанов пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың қатысуымен өтті.
Бүгінгі таңда Алматы облысында 8 сервистік әкімдік жұмыс істеуде. Олар Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле аудандарында және Талдықорған қаласында орналасқан.
Жыл соңына дейін облыстың барлық қалалары мен аудандарында осындай сервистік әкімдіктер ашу жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях