Алматы облысында екі мың ағаш кесілген

Алматы облысында екі мың ағаш кесілген

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысы Қызылқайрат ауылының маңында жолдың жанындағы ағаштардың кесілгенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағаштарды жаппай кесу туралы жазба @kris_p_talgar парақшасында жарияланды.

«Біздің Қызылқайрат ауылында кесілген ағаштар туралы өз тарихымыз бар. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының бірін салудың құны осындай болды», — деп жазды жазба авторы.

Талғар ауданының әкімдігі бұл учаскеде мамандардың рұқсатымен 2 413 ағаш кесілгенін хабарлады. Өтемақы ретінде тапсырыс беруші 2024 жылдың қыркүйегіне дейін 12 мың 65 ағаш отырғызуы керек.

«Ағаштар бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс жұмыстарын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін кесілді», — делінген әкімдіктің рұқсат құжатында.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях