Алматы облысында да  бетперделер тігілуде

Алматы облысында да  бетперделер тігілуде

Халықты медициналық маскалармен қамтамасыз ету  күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Осыған орай, Алматы облысында тәулігіне 136 мың маска тігіліп, шығарылуда. Бұл туралы Президенттің коронавирус инфекциясының таралуын алдын алуға арналған мәлімдесінде берілген тапсырмаларды өңірде орындау туралы облыс әкімі Амандық Баталов өткізген селекторлық жиында айтылды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қауіпті індеттің жұғуын сақтаудағы маңызды қорғау құралы бетперде екені баршаға мәлім. Ал, оның тапшылығы еліміздің барлық аймақтарында байқалуда. Осы ретте аталған мәселені еңсеруді  шағын кәсіпорындар, тігін  ательелерінің, білім мекемелері, еріктілер өзіндік үлестерін қосуда.

Мысалы, Қаратал ауданындағы  шағын бизнес өкілдері, білім мекемелері мен еріктілері үш мыңдай көп рет пайдалануға болатын маска тігіп отыр. Бұл бастама  Іле ауданында да жолға қойылып,  шағын кәсіпорындар  онда күніне  20 мың дайындаса,  ірі компания саналатын «Dolce farm» 70 мың маска шығарып отыр. Ал,  Талдықорғанда жекеменшік дәріхананың басшысы бес мың бетпердені  халыққа тегін таратты.

Бұл бағыттағы жұмыс Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандарының  сәл ақсап тұрғандықтан, оларды облыс әкімі сынға алды. Сонымен қатар, облыс басшысы маска тігуде шағын бизнес нысандарына мемлекеттік тапсырыс беру жолын ойластыруды, жеке гигиеналық құралдармен тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету мәселесін одан әрі ширатуды тапсырды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях