Алматы облысында алғаш рет «галстуксыз кездесу» өтті  

Алматы облысында алғаш рет «галстуксыз кездесу» өтті   

 Бүгін Жетісу өңірінде  мемлекеттік қызметкерлер және тағы басқа сала мамандары ашық алаңда мемлекеттің ішкі жүйесі мен қоғамның қарым-қатынасын бұзушы құрал-сыбайлас жемқорлық жайлы ойларын ортаға салды. Сондықтанда кездесудің атауы «галстуксыз» деп аталды, деп хабарлайды   karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Еркін форматта өткізілген отырыста түйіткілді мәселенің түйінін тарқатуда басты сөз Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев пен облыстық «Жетісу» телеарнасының директорының орынбасары Досан Қызайбекұлында сөз сөйледі.           Кездесуде алғаш болып сөз алып, модератор қызметін атқарған Жандос Сағындықұлы «тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының   тәмсілін басшылыққа алды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы облыста ағымдағы жылдың 8 айында 87 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін, 68 факт сыбайлас жемқорлық болып табылатынын хабарлады. Көпшілік сот шешімі бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Келтірілген залал шамамен 2 млрд теңгеге жетіп, 99% — ға мемлекетке қайтарылды. Ашық әңгімені «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Досан Атантелов жалғастырды.

Жиынға қатысушылар мұндай іс-шаралар мен кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ бұл болашақта құқықтық мәдениеттегі өзгерістерге бейімделуге әкеледі деген пікірге келді.

Өз ұсыныстары мен ескертулерін айту мүмкіндігін басқа да мемлекеттік қызметшілер пайдаланды. Жалпы, нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіре отырып, олар комплаенс-офицерлердің ортақ пулын құру туралы мәселелерді көтерді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях