Алматы облысында 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Алматы облысында 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Алматы облысында бүгінде 11 326 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 5663 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір жұмыс тапқан, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тұрған 5663 адамның 30%-і немесе 1699 адам – жұмыссыздар қатарындағы жастар, 8,5% немесе 472 адам – аз қамтылғандар, 2,2% немесе 124 адам – мүгедектер.

Жалпы бүгінгі күні облыс бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 899 жоба жүзеге асырылуда, бұл жоспарланған 977 жобаның 92% құрайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях