Алматы облысы бойынша тағы екі адам анықталды

Алматы облысы бойынша тағы екі адам анықталды

Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам анықталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 2 адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында анықталды.
Бірінші жағдайда, Қарасай ауданы Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелдің вирус жұқтырғаны анықталып, Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Оған қоса онымен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде азаматшаның күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі карантинге алынды.
Екінші жағдайда, ағайын-туыстары Өзбекстан еліне үйлену тойына өздерінің шағын автобустарымен барған. 14 адамның Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызған. Соның ішінде 1960 жылы туған азаматшадан вирус анықталып, қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде.

Жалпы, 29 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысында індетке шалдыққандардың саны 6-ға жетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях