Алматы колледждеріне оқуға түсу ережесіне өзгерістер енгізілді  

Алматы колледждеріне оқуға түсу ережесіне өзгерістер енгізілді   

Биыл Алматы колледждеріне оқуға түсу ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді арнайы емтиханды тек педагогикалық, медициналық пен шығармашылық мамандықтарына түсушілер тапсырады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, медициналық мамандықтарға түсетін талапкер медициналық колледжде психометриялық тестілеуден өтуге тиіс. Ал, педагогикалық маманлықтарға түскісі келетіндер кәсіби жарамды арнайы емтиханын тапсырады. Бұл емтихан педагогикалық колледжде өтеді.

«Саулет», «Дизайн» мамандықтарына оқуға түсетін талапкер екі шығармашылық емтихан тапсырады: біріншісі – сурет салу мен живопись, екіншісі – композиция.

Айта кетейік, Алматы колледждеріне түсу бойынша конкурстың бірінші кезеңі 21-24 тамыз аралығында өтеді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях