Алматы қаласының әкімі жол белгілеріне қатысты шешім қабылдады  

Алматы қаласының әкімі жол белгілеріне қатысты шешім қабылдады   

Алматының әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге қайта рұқсат етілетін болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме  жасап.

Қала билігі мәлім еткендей, тұрғындардан автожолдарға қатысты көптеген ұсыныстар түскен. Әсіресе, әл-Фараби даңғылында 80 км/сағатпен жүруге қайта рұқсат беру өтініштері бар. Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолы — бұл қаланың негізгі транзиттік магистральдары.

– Тәжірибе көрсеткендей, рұқсат етілген жылдамдықты 60 км/сағатқа дейін төмендеткенімен, апатты жағдай қалада жақсарған жоқ. Өкінішке орай, жол-көлік оқиғаларының саны арту үстінде, – дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Шығыс айналма жолы мен әл-Фараби даңғылына бұрынғы жылдамдық режімін қайтаруды Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі де ұсынған болатын. Қоғам тарапынан түскен көп өтінішті назарға ала отырып, Алматы әкімдігі Шығыс айналма жолы мен әл-Фараби даңғылына рұқсат етілген 80 км/сағат жылдамдықты қайтару жөнінде шешім қабылдады. Бұл бірыңғай айналма жолына енетін көшелерге қатысты оң шара болып табылмақ.

Сонымен қатар қала әкімі өтініштерде Алматыдағы Қонаев және Байтұрсынов көшелеріндегі велосипед жолдарын алып тастау ұсынылғандығын айтты.

– Веложолақтарға қатысты айтатын болсақ, Байтұрсынов және Қонаев көшелеріндегі жолақтарды алып тастау керек. Бұл көшелерге веложолақ жасау артық шешім болды. Басында пікірталастар болған бұл мәселені қайта қарастырдық. Нәтижесінде Байтұрсынов пен Қонаев көшесіндегі веложолақтарды алып тастауға шешім қабылданды,  – деді Бақытжан Сағынтаев

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях