«Adal» партиясының мүшелері – Қарасай ауданында

«Adal» партиясының мүшелері – Қарасай ауданында

Қазақстанда 10 желтоқсанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. Осы негізде бүгін «Adal» партиясының мүшелері Қарасай ауданы Береке ауылындағы «Жетісу» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген Ардақ Назаров және Ляззат Шыңғысбаева өз партияларының бес бағыттан тұратын бағдарламаларымен таныстырды. Саяси додада асық алшысынан түссе, адалдықтар ауыл-аймақты дамытуды қолға алмақ. Әсіресе ондағы халықты жұмыспен қамту мәселесіне білек сыбана кірісеміз деп отыр. Бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын өсіруге, ауыл шаруашылығына да ерекше көңіл бөлмек. Тіпті бизнес бастауға ниеттілерді қолдамақ. Ауыл шаруашылығын кеңінен дамытуды жоспарлап қойған. Мұның барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетіліпті.
«Adal» партиялар арасында бірінші цифрлы партия болып халыққа ыңғайлы, қолайлы партияға айналғылары келетіндігін алға тартты. Осы негізде жиынға қатысушыларға барлық арыз-шағымдар мен партияның бағдарламалары қамтылған «adalpartiyasy.kz» атты сайттың жұмыс істеп тұрғаны жайлы мәлімет берді. Мәселен, Қазақстанда шалғайда жатқан қаншама алыс ауылдар бар. Бұл сайтта әрқайсысы өзінің ауылын таңдап, ондағы түйткілді мәселелерді кез-келген сала бойынша жазып қалдыруларына болады. Adal үміткерлері ең жас партия саналады. Саяси ұйым сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдегі тізімде бесінші нөмірге ие болған. Олар Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер, мәслихатқа 302 кандидатты ұсынып отыр. Айта кетейік, ашылғанына небәрі бір ай ғана болған партияға, күні бүгінге дейін 55 мың адам тіркеліпті. Оның басым бөлігі жастар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях