«Ақжол» партиясынан сайлауға түсетін үміткер анықталды

«Ақжол» партиясынан сайлауға түсетін үміткер анықталды

«Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы Дания Еспаеваны президенттікке үміткер ретінде бекітті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін партияның атынан 9 маусымда өтетін сайлауға 6 адам қатысуға ниетті екенін білдірген болатын. Олардың арасында Өскемен және Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Қуат Рахымбердин мен Асан Қошмамбетов, Атырау облыстық филиалының өкілі Серік Ерубаев және СКО облысының төрағасы Евгений Кинцель, сонымен қатар, жақын уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ермегияев өз кандидатураларын ұсынған еді.

Бүгінгі құрылтайда жоғарыда аталған үміткерлер өздері жайлы бейнебаяндарын таныстырып, сайлауалды мақсат-міндеттерін ашып түсіндірді. Сөз арасында партияластарының сауалдарына да жауап берді. Сонымен, құрылтай делегаттары ашық және құпия дауыс беру арқылы сайлауға түсетін үміткерді анықтады. Дауыс беру нәтижесінің көрсеткіші бойынша 190 делегаттың 49,5 пайызы депутат Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдады. Жалпы, үміткердің дауысы 50 пайыздан асуы керек еді, алайда, айқын басымдық Дания Еспаеваның жағында болғандықтан, презиум мүшелері екінші турды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Демократиялық партия осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаеваны партия атынан президент сайлауына кандидат ретінде бекітті.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях