Елбасы Жолдауы қала активінде талқыланды

Елбасы Жолдауы қала активінде талқыланды

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауы жарияланғаны белгілі. Осыған орай, еліміздің барлық облыстары мен шалғай аудан, ауылдарына Жолдаудағы көтерілген, мәселелерді халыққа жеткізіп, түсіндіру мақсатында әр түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгін Қаскелең қаласының әкімі апаратының ұйымдастыруымен, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының акт залында қала активінің жиналысы өткізілді. Оның барысында Жолдауындағы 6 тармаққа жеке жеке тоқталып, Жолдау аясында ауданда атқарылатын жұмыстарды баяндады. Елбасының Жолдауына қолдау білдіріп, насихаттауда ауданымыздың бірқатар азаматтары Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С. Мәсімақынов, Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С. Қыдыралиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы А. Бекбаеваның мінберге шығып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Елбасының Жолдауынан туындайтын міндет-мақсаттар жан-жақты талқыланған қала активінің жиналысына аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан орталығындағы мекемелердің жетекшілері, бөлім басшылары және жұртшылық өкілдері, жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ мұндай түсіндіру жұмыстары барлық аудандарда да жүріп жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях