Тарих дегенде шежіреге толы батыр бабаларымыз бен ұлы ғұламаларымыз жайлы айтпасқа болмас. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да арқылы біз тарихымызды тануға, оны жас ұрпаққа насихаттауға арналған. Осы орайда Мемлекет басшысының мақаласын негізге алу отырып кеше Ғабдуллин мектебінде азулы ақындардың бірегейі Махамбет Өтемісұлының жырларына арналған «Біз Махамбеттің ұрпағымыз!» атты жарысы өтті. Халықтың санасын оятуға рухты өлеңдерімен ой салған, ержүрек батыр Махамбеттің бойындағы қасиеттері жас ұрпаққа үлгі. Ол – тасқындаған қайратымен ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Жалпы, байқауға қатысушылар жыршыл ақыннаң өлеңдерін эссе түрінде талдап және мәнерлеп оқудан бақ сынасты. Жарысқа аймақтың тоғыз мектебінен 10 оқушы додаға түсті. Оқушылардың бұл сайысқа ерекше дайындықпен келгендерін байқауға болады. Қазақы нақыштағы киген киімдері бұл кештің ажарын одан ары аша түскендей болды. Қатысушылар «Ереуіл атқа ер салмай» кезеңінде нақышына келтіріп оқыған өлеңдерімен, «Мен-мен едім, мен едім» атты тақырыпта жазған шығармалар арқылы әділқазылар мүшелері үздіктерді анықтады. Атап айтқанда жүлделі үшінші орынға Абай-2 орта мектебінің оқушысы Алуа Кенесова алса, екінші орынды Толстой орта мектебінің оқушысы Балауса Абдигалиева иеленді. Ал, жеңімпазды бірінші орынға Маметова орта мектебінің оқушысы Талант Есдаулет лайық деп танылды. Өзге оқушылар назар тыс қалмай, оларға да ынталандыру грамоталары тапсырылды.
Сағат 20.10: Алматы облысында халықтың 60,03% сайлауға келді
Соңғы деректерге сәйкес Алматы облысында халықтың 60,03% дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023...
Ұлы Отан соғысының ардагері ел қатарлы таңдау жасады
Бір ғасырлық ғұмырдан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Абдраимов бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қарасай ауданының орталығы...
Сайлау күні сәбилер өмірге келді
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден...
Чтобы наш Казахстан процветал
Жительница города Каскелен Валентина Казакова пришла на свой избирательный участок, прихрамывая, но в приподнятом настроении, передает Naqty.kz.
Бабушке 81 год. В Каскелене живет она вот...
Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді
Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Орынбасар Жәнаділ №498 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ардагер-ұстаз Орынбасар...