Ағылшын тілінен өткен олимпиада

Ағылшын тілінен өткен олимпиада

Жуырда жасөспірімдер арасында жыл сайын болатын ағылшын тілінен „English is power„ атты олимпидасы өтті. Оны „CES for YOU„ халықаралық ағылшын тілін оқыту орталығы ұйымдастырып, оған облыс көлемінде біліктілігі мықты деген 64 жасөспірім іріктеліп қатысты.

Жалпы, аталмыш орталықтың бас директоры Айгүл Тәңірбергенованың демеушілігімен өткен бұл бәсекенің финалы 2 турдан тұрып, балалар 3 жас аралығындағы Kids(8-12 жас), Teens (12-15 жас), Twens (15-17 жас) санаты бойынша сынға түсті. Сонымен, 1-ші кезеңінде олар тыңдау(Listening), оқу(Reading), грамматика (Grammar Lexical) және жазу(Writing) бойынша шеберліктерін дәлелдесе, 2-ші турда ағылшын тілін тасымалдаушы мұғалімдер Шах Абдулла мен Патрикттің алдында сөйлеу мәнерінен (Speaking) білім деңгейлерін анықталды.

Қорытынды бойынша, бас жүлде барлығынан озат шыққан Қарасай ауданындағы Сәтбаев мектебінің оқушысы Ханифа Зайнуллина жеңіп алды. Оған Малайзия еліне тегін 1 айға оқуға жолдамасы берілсе, оның жетекшісі Әсел Камелаеваға 100 мың теңге мен аталмыш мемлекетке біліктілігін арттыру үшін сертификат табысталды. Бұдан бөлек, жоғарыда айтылған 3 жас аралығындағы Kids санаты бойынша 1-орынды талғарлық Али Мұхамеджан алса, Teens пен Twens санатындағы алғашқы орынды Есік қаласынан келген Алина Маликова мен Инара Кадырова қанжығасына байлады. Олардың барлығына бағалы Smart Watch сағаттары табысталды және „CES for YOU„ халықаралық ағылшын тілін оқыту орталығында 3 ай тегін білім алу мүмкіндігіне берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях