Қазақстанда картоп экспортына тыйым салынды

Қазақстанда картоп экспортына тыйым салынды

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күзгі жиын-терім көп мемлекет үшін сәтсіз болғанын айта келе, кортоп экспортын шектеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоаралық комиссия кортоп экспортын шектеуді көктемге дейін ішкі нарықты толық қамтып, өнім бағасын арттырмау мақсатында қабылдаған.
– Көрші елдерді қарасақ, мысалы Қырғызстандағы картоптың көп бөлігі экспортталған. Өзбекстан да сыртқы нарыққа тәуелді. Ал Ресейде биыл 8,3 процентке аз картоп алынған. Яғни, қазақстандық өнімді түгел сатып алуы мүмкін деген сөз. Осы жағдайларды ескере отырып, ведомствоаралық комиссия экспортты шектеу туралы шешім қабылдады, – деді Ербол Қарашөкеев.
Көрші елге картоптың 80 мың тоннасы қажет. Министр «оның бәрін біз экспорттайтын болсақ, көктемгі жағдай бір айда қайталанар еді» дейді. Себебі елде алқап кеңейтілгенмен, қамба былтырғыдан 100 мың тоннаға аз. 3 млн 900 мың тонна картоп жиналған.
Қазір қордағы өнім мен ішкі сұраныс қайта сараланып жатыр. Артылған картоп сыртқа шығарылуы мүмкін. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз болады. Өйткені, сұранысты өтеу мүмкін емес. Еліміз жыл сайын 40-50 мың тонна өнімді импорттайды. Енді құзырлы мамандар өндірушілерге ішкі нарыққа көңіл бөлуге кеңес береді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях