Кенеден сақ болыңыз

Кенеден сақ болыңыз

Наурыз айынан бастап бүгінді қоса есептегенде Қарасай ауданы бойынша 159 кене шағу оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 99-ында зардап шеккен 14 жасқа дейінгі балалар. Бұлардың бәрі дәрігердің көмегіне жүгінген және қазір денсаулықтарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Десек те, айнала қызылды- жасылды әсемдікке бөленгенде, қазір көкке шықпай отыру қиын. Дегенмен, барынша сақтық шараларын қарастырған абзал. Табиғат аясында көп тіркеліп жатқан бұл жағдайдың дер кезінде алдын алмаса, асқынып, қаупі арта түседі. Осыны ескерген Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы адамдар жиі баратын 100 гектар жерге кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізді. Ал, улы жәндіктің шаққанын байқасаңыз, дереу аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімінде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салдырыңыз. Бір қызығы, шаққаннан кейін алғашқы күндері денсаулығыңызда айтарлықтай өзгерістер бола бермейді. Сондықтан, өзіңізді әрдайым толық бақылап, тексеріп жүріңіз. Өйткені, оның кері әсерлері 21 күнде біліне бастайды. Көп жағдайда алдымен дене қызуы көтеріледі.

Жоғарыда аталған басқарманың бас маманы Боранбай Таңатарұлының сөзіне сүйенсек, әр жылдың наурыз бен қазан айлары аралығы эпидемиялық кезең ретінде есептеледі. Әсіресе көктем айларында тосын оқиғалар көптеп кездеседі. Жазға қарай көрсеткіш төмендеп, күзде мүлдем азаяды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях