Қаңтар қақтығысында қаза тапқан офицердің сәбиі дүниеге келді

Қаңтар қақтығысында қаза тапқан офицердің сәбиі дүниеге келді

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан аға офицер Жандос Жағалбаевтың өмірден өткеніне жақында қырық күн өтті. Осынша уақыттан соң оның қызы дүниеге келді, деп хабарлайды Naqty.kz. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы мәлім етті.

27 жастағы Жандостың артында күні кеше дүниеге келген қызы мен 8 ай бұрын ғана отасқан жары қалған.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға офицері Жандос Жағалбаев қаңтардың 6-ы оққа ұшып, мерт болған. Анасы соңғы рет телефон арқылы тілдескен. Ал 7 қаңтарда ұлының мерт болғаны туралы суық хабарды естіген.

– Әлі де сене алмаймыз. Келетін сияқты. Тосамыз. Баламыз қаза болғаннан кейін, тура 40 күн өткенде, кішкентай нәрестеміз дүниеге келді, – дейді марқұмның анасы Маржан Жағалбаева.

Қаза болған аға офицердің қызына Рәбиға деген есім беріліпті.

27 жасында мерт болған Жандос тұңғышының дүниеге келуін асыға күтіпті. Жекеменшік пәтер алып, қызының өз үйінде өскенін армандаған. Алайда сол мақсатына жете алмай кетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях