АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды

АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды

Ирактың солтүстігінде орналасқан әскери-әуе күштерінің «Балад» базасына соққы жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатқан, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ирак әскерилерінің мәліметінше, жексенбі күні базаға «Катюша» қондырғыларынан сегіз снаряд атылған. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактың төрт сарбаз, оның ішінде екі офицер жарақат алып. АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз.
Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін «Әл-Кудс» арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях