8 жасар баланы өлімші етіп сабаған өгей әке 10 жылға сотталды

8 жасар баланы өлімші етіп сабаған өгей әке 10 жылға сотталды

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты 8 жасар баланы ұрған өгей әкені 10 жылға соттау жайлы үкім шығарды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігінің 3,4,11 тармақшалары бойынша айыпталған Денис Гревцевті 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шықты» – делінген Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, сот баланың өмірін сақтап қалған Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлерін мадақтау жөнінде шешім шығарды. Себебі дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін бір ай бойы арпалысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар баланың өгей әкесі оны ұрып-соққанымен қоймай, көзіне тұз сепкен. Жансақтау бөліміне түскен 8 жасар ұлын азаматтық некедегі күйеуі қалай соққанын анасы Нина Шелипова айтып берген болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях