2021 жылды «Экология жылы» деп жариялау ұсынылды

2021 жылды «Экология жылы» деп жариялау ұсынылды

«Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және қалыптастыру» атты өткен дөңгелек үстел отырысында қоғам қайраткері, атыраулық журналист Арман Хайруллин 2021 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис болды деуге негіз бар. Тоқсаныншы жылдардан бүгінге дейін ауа бассейніне 4 млн тонна уытты заттар шығарылған екен. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр. Шақалақтардың шетінеуі және де түрлі патологиялар бойынша алда келе жатырмыз. Менің ұсынысым – біздің Экология министрлігін құрып берген президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер 2021 жылды Экология жылы деп жарияласа екен. Жиырма жылда бірде-бір Экология жылы жарияланған жоқ. Қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын, – деді Арман Хайруллин.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях