Халық қалаулысы ауданымызда

0
2104

Ауданымызға келген жұмыс сапары барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Дәуренбаев бүгін Елтай ауылдық округіне қарасты Жармұхамбет ауылында орналасқан жаңадан іске қосылған шыны ыдыстарын шығаратын және бөтелкелерді әрлейтін «ALMATY STEKLO» зауытында болды. Халық қалаулысын аудан әкімінің орынбасарлары Мақсұт Жапаров, Елтай ауылдық округінің әкімі Бақыт Жұманбаева мен осы зауыттың бас директоры Азим Абдуллаев қарсы алды.

Ең алдымен Азим Шамоұлы қонақтарды зауыттың кіреберісінде орналасқан супермаркетке кіргізіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Жалпы, 7 га аумақты алып жатқан шағын қалашықта 92 шағын отбасылық пәтер, 27 бөлмелік жатақхана, тегін тамақтандыратын асхана, жалпы айтқанда жұмысшыларға жасалған игіліктің барлығы бар екен. Осылайша, Қытай инвесторларының көмегімен, жетісулық меценаттардың қолдауымен іске қосылып, 350 адам жұмыспен қамтылған. Зауытта қазіргі заман талабына сай, бөтелкелерді әрлеп, өңдейтін, ерекше мүмкіндігі бар Қазақстанда әлі еш жерде жоқ құрылғы орнатылған. Бастапқыда мұнда айына түрлі қалыптағы 10 миллион бөтелке шығару межеленген. Шығынсыз өндіріс те дұрыс жолға қойылған.

Ірі кәсіпорынның жұмысымен толық танысқан Амангелді Дәуренбаев өз ризашылығын білдіріп, іскер азаматтардың мақсаттарына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь