2020 жылы Қазақстанда декреттік төлем қалай төленеді?

2020 жылы Қазақстанда декреттік төлем қалай төленеді?

Декреттегі ата-аналар әлеуметтік көмек ала алады. Жалпы, мемлекет тарапынан жұмыс істемейтін әйелдерге төленетін арнайы жәрдемақы бар, ал, ресми жұмыс істеген аналарға балалары дүниеге келгенше оларға төлем сәл басқаша болады. Осы орайда Karasayinfo.kz желілік басылымы ай сайын төлемінің қалай есептелетінін анықтады. Материалдағы ақпараттар NUR.KZ сайтынан алынған.

Ресми жұмыс істемейтін аналарға мұны есептеу қиын емес. Бала күтіміне байланысты мемлекет тарапынан берілетін бір реттік және ай сайынғы жәрдемақының мөлшерін білсе жеткілікті.

Табысына қарамастан босанған әйелдердің бәріне төленетін бір реттік жәрдемақының мөлшер төмендегідей:

* 1, 2, 3 бала үшін 28 АЕК;

* 4 және одан да көп бала үшін 63 АЕК.
Айта кетейік, биылғы 1 АЕК — 2651 теңге.

Жұмыс істемейтін аналар үшін бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері мынадай:

* 1 бала үшін 15 269, 76 теңге;

* 2 бала үшін 18 053, 31 теңге;

* 3 бала үшін 20 810, 35 теңге;

* 4 және одан да көп бала үшін 23 593, 9 теңге.

Босанғанша ресми түрде жұмыс істеген аналар жалақысына байланысты көбірек жәрдемақы алады. Ал, берілетін жәрдемақыны сіз барлық шегерімдерді ескере отырып, төлемдердің мөлшерін анықтауға көмектесетін декреттік калькулятор арқылы біле аласыз. Егер де өз есебіңізге ғана сенсеңіз, онда мына формула арқылы түсетін ақшаның мөлшерін есептей ала аласыз:

Бір жыл ішіндегі жалпы табыс/12 х тууға байланысты жұмыс емес күндерінің жалпы көрсеткіші – 10 % зейнетақы жинағы = Жүктілік және тууға байланысты әлеуметтік төлем (ЖТБӘТ).

Жүктіліктің 30 аптасынан бастап (кей жағдайда 28 аптадан бастап) әйелдер декреттік демалысқа шыға алады. Демалысқа шықпас бұрын әйелдерге әлеуметтік көмек қарастырылған. Ол төлемдердің де мөлшерін жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях