2020 жылдан бастап кімдерге несие берілмейді?

2020 жылдан бастап кімдерге несие берілмейді?

Келер жылдан бастап табысы төмен азаматтар несие алу мүмкіндігінен айырылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Qamshy.kz порталындағы ақпаратқа сүйеніп.

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржы қызметін және салық салуды реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Осыған сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір қазақстандықтарға несие берілмейді.

Заң шеңберіндегі жаңа талапқа сүйенсек, айлық табысы күнкөріс деңгейінен, яғни, 31183 теңдеген төмен табатын азаматтар өз атына несие рәсімдей алмайды.

Келешекте банктердің барлығы осы жүйе бойынша жұмыс атқарса, еңбекақысын өтірік айтатын, ресми түрде жұмыс істемейтін, зейнетақы аударылымдары жоқ азаматтар несие алу мүмкіндігінен айырылады. Осылайша Ұлттық банк азаматтардың шамадан тыс берешек болу қатарын азайтпақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях