20 ірі замануи медициналық орталық салынады

20 ірі замануи медициналық орталық салынады

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов еліміздің бірқатар аймақтарында 20 ірі замануи медициналық орталық салынатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша 2025 жылға қарай өңірлерде 20 ірі замануи медициналық орталық мемлекеттік-жекешелік серіктестік есебінен салынады. Бұл көпбейінді ауруханалар халықаралық сапа талаптарына сәйкес халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің толық спектрін қамтитын болатды. Бұл жобаны іске асыру үшін 1,5 трлн теңге шамасында инвестиция тартылады.

– Халық денсаулығы кодексіне сәйкес Ұлттық операторды құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға енгіземіз, – деді Марат Шоранов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда модульді 12 инфекциялық аурухана салынып жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях