Ардагерлерге арналған қор

Ардагерлерге арналған қор

Бүгін Алматы облысы архивінің Қарасай аудандық филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты дөңгелек үстел өтті. Оған аталмыш филиалдың басшысы Маржан Жамболатқызы және ауданымыздың ардагер ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары қатысты.

 Басқосудың негізгі мақсаты – жиналған ауданымыздың құрметті азаматтарының арттарынан із қалдыратын, болашақ ұрпаққа үлгі өнеге болатын архивтік қор ашуды насихаттап, талқылау болатын. Бұдан бөлек, онда мекеменің мұрағатындағы қадірлі тұлғалардың өмірбаяны таныстырылып, сақталған құжаттары, атқарған елеулі еңбектері баршаға слайд арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, жиын барысында филиалдың тәлімгері  Алматы облысының мемлекеттік архивінің қор сақтаушысы Ардақ Каипжанова Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдени даму» Негізгі жобасын жүзеге асыру барысында «Архив шежіресі», «Архивтер сөйлейді», Тарихи тұлғалар» атты жобалардың   бағдарламасын, архивтердегі жеке тектік қорлардың маңызына тоқталып, нақты айтып өтті. Жәнеде, дөңгелек үстел соңында облысқа қарасты мемлекеттік архивінің жеке қор иесі, Зоотехник, Шелек ауданы Сөгеті совхозының директоры, ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, республикалық дәрежедегі зейнеткер болған С.Еспергеновке 90 жыл толуына орай жиынның қонағы болып отырған жұбайы Акен апаны ұйымдастырушылар мен қонақтар құттықтап, сый-сияпат тартты. Ал, Акен апа жұбайының атқарған қызметі мен басынан өткерген қиыншылықтарын, жақсылықтарын айтып, барлығын жеке қорларын архивке өткізуге шақырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях