Жыр алыбы – Жамбыл

Жыр алыбы – Жамбыл

Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған Жамбыл Жабаев атамыздың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Осы бір маңызы зор мерейлі мерекені тұтас ел ерекше салтанатпен атап өтуде. Дәл бүгін де ауданымызда жыр жампозының мерейтойына орай, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы мен «Жамбыл» әдеби мемориалды музейінің бірлесе ұйымдастыруымен, «Жыр алыбы – Жамбыл» атты көрме өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазақ ауыз әдебиетінің алыбы болып саналатын ақынымыздың немересі, «Жамбыл» әдеби мемориалды музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылдың бастамасымен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлығының лауреаты Жұмабай Шаштайұлы мен аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиевтың қатысуымен өткен көрмеде оқушылар көшпелі көрмемен келген 40-тан астам экспонаттарды тамашалады.

Нақтырақ айтқанда, бүгінгі көрмеге қатысқан жастар құрметті қонақтардың Жамбыл атамыз жайлы айтқан әңгімелерінен бөлек жыр алыбының домбырасы, киген шапаны, кітаптары сияқты оның қолданған заттарымен танысты. Сондай-ақ, әртүрлі суретшілердің алып жыршыны майлы бояуды, терінің қиын қолдану арқылы бейнелеп салған туындыларын тамашалады. Мұнан бөлек Жамбыл атамыздың атқарған еңбегі үшін алған марапаттарын өз көздерімен көріп, оларды қашан және не үшін алғаны туралы Салтанат Тезекбайқызының айтқан әңгімесін тыңдады.

Маңызы мол шара соңы Салтанат Жамбыл мен Жұмабай Шаштайұлының дөңгелек үстелде жастармен кездесу өткізіп, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы жайлы өздерінің естеліктерімен бөлісіп, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берумен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях