Қатерлі дертке қарсы күрес

0
2215

Бүгін аудандық ауруханада, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасы бойынша, тұрғындар арасында онкологиялық аурулардың, оның ішінде, жатыр мойны обырының алдын алу мақсатындағы республикалық акция аясында Ашық есік күні болды. Оған Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінен онкомаммолог және онкогинеколог дәрігерлер  келіп, тұрғындарға тегін көмегін көрсетті.

Жатыр мойнының қатерлі ісігі әйелдер арасында кездесетін онкологиялық аурулардың ең ауырының бірі болып табылады. Аталмыш ауру Қазақстанның барлық өңірлерінде жиі тіркеліп, әйелдер арасында өлім-жітім көрсеткіштері жоғарылап отыр. Осыған орай, Ашық есік күні біздің аудан тұрғындарының осы дертке қатысты ақпараттық танымын жоғарылату, алдын алу үшін онкогинеколог Асқар Айдаров, онкомаммолог Дидар Аятхан және УЗИ дәрігері Халима Ижкулаева бірқатар жұмыс атқарды. Олар ем іздеп келген адамдарды тексеріп, өз ақыл кеңестерін берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь