Жыл басының жаңалықтарына қысқаша шолу

Жыл басының жаңалықтарына қысқаша шолу

Жыл басталысымен елімізде көптеген өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың реті көбеюде. «Информ бюро» ақпараттық порталына сілтеме жасай келе сол ақпараттардың ең негізін алып, ұсынуды жөн көрдік.

Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясында АҚШ валютасы орташа бағаммен 372,51 теңгеге сатылды. Жыл басынан бері доллар 12 теңгеге төмендеді.

Елбасы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттейтін заң жобасын бекітті. Н.Назарбаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжат елімізде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заң бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, шекті, яғни, ең жоғары бағаларды бе­кіту арқылы Қазақстанда бар­лық дәрілік заттардың бағасына мемлекеттік реттеу енгізілді.

Қазақстанда 1200 полицияны жаңа форматқа сай үш ай оқытады.

Оқытылатын полицейлердің бәрі қаңтар айының аяғында іріктеледі. Жаңа форматтағы полиция қызметкері лауазымына енді тек жоғары заңгер мамандығы барлар ғана алынады. ҚР ІІМ бірінші вице министрі Ж.Сүлейменовтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта саладағы қызметкерлер кезектен тыс аттестациядан өткізіледі. Олардың арасында министрліктің, сондай-ақ облыстардағы департамент басшылары бар.

Түркия қазақстандық студенттер үшін жыл сайын 200-ге жуық грант бөледі. Үміткерлерге қойылатын жалпы талап таңдаған университеттегі бағдарламаға сәйкес болуы тиіс. Сондай-ақ, үміткердің жасы да талапқа сай болуы қажет. Мәселен, бакалавриатқа 01.01.1999 кейін туылғандар, магистратураға 01.01.1990 кейін туылғандар, докторантураға 01.01.1985 кейін туылған, ғылыми зерттеулерге 01.01.1975 кейін туылған үміткерлер тапсыруы қажет.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях