Жолдар күрделі жөндеуді қажет етеді

Жолдар күрделі жөндеуді қажет етеді

Кеген ауданында республикалық маңызы бар 215 шақырым жолдың 97-сі апатты жағдайда, сондықтан мұнда қалпына келтіру жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. 53-68 шақырым аралығындағы учаскеде жүргізілген тексеріс барысында орындалған жұмыстардың қанағаттанарлықсыз сапасы анықталды. Осы ретте Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жолдың жағдайын тексеріп қайтты, – деп хабарайды Naqty.kz желілік басылымы.

Тексеріс барысында аудан басшысы жөндеу жұмыстарын жүргізетін компаниялардың өз істеріне салғырттықпен қарайтындықтан жолдардың сапасы нашар және соның салдарынан жол бойында апаттар орын алып жатқанын атап өтті. Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін «РСУ-1» ЖШС кепілдік міндеттемелері бойынша жұмыстарды атқаруда. Дегенмен, орташа жөндеулер белгіленген технологияны қолдана отырып жүргізілмейді. Мысалы, ыстық асфальттың орнына салқын төселген жолдың қалыңдығы да нормативтік талаптарға сай емес.

Жолдың өзі сонау 2022 жылы күрделі жөндеуден кейін мердігермен пайдалануға берілген. Сол жылы 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 9 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған болса, биылғы жылдың бірінші тоқсанында екі оқиға орын алып, екі адам қаза тауып, алты адам жарақат алған. Жергілікті белсенді Мақпал Шаданның айтуынша, тас жолдан бөлек, жол құрылымдары орнатылуы керек еді.

– Кегенге кіре берісте орындықтар, демалыс орындары, өткелдер мен жарықтандыру жоспарлары қарастырылғанымен, ештеңе жасалмады. «ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, ақшаның барлығы жол жүруге жұмсалған. Тексеру барысында инфрақұрылымға қаржы ресурстары бөлек бөлінгенін анықтадық, – деді ол.

Оқиға орнына келген «ҚазАвтоЖол» компаниясының сарапшысы Есен Оспанов қазіргі жағдайды қаржы тапшылығы бар екенін айтып өтті.

– Бұл жол күрделі жөндеуді қажет етеді, бірақ бізге орташа жөндеу жұмыстары ғана ақша бөлінді. Бұл жолға кем дегенде 50 жыл. Оның үстіне бұл өте қиын учаске себебі мұнда анда-санда су өтіп отырады. Сондықтан бастапқыда осы жердің топырағын толық сараптамадан өткізіп, сапалы асфальттау үшін жұмыс көлемін анықтау қажет, – деп баса айтты Оспанов.

Өз кезегінде «РСУ-1» ЖШС директорының орынбасары Александр Ю ең жақын ыстық асфальт шығаратын зауыт Жаркент ауданында орналасқандықтан, суық асфальт төсеуге тура келгендігін атап өтіп,  ыстық асфальт бұл жерге жетпейтіндігін сөз етті. Сонымен қатар, жолдағы тесіктер жер асты суларының салдарынан пайда болып жатыр. Сондықтан бұл жолды толығымен жөндеуден өткізу керектігін айтты.

Баспасөз турының соңында «ҚазАвтоЖол» сарапшысы Есен Оспанов өз басшыларына есеп жолдап, орташа жол жөндеу жұмыстарын жіті бақылауға уәде берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях