Жібек жолы ауылындағы кәсіпкер әйел

Жібек жолы ауылындағы кәсіпкер әйел

Түрлі саладан кәсіп ашқан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Гүлмира Измаханова өзін ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтып отыр деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді аталы сөзге тоқтай білген қазақ. Бүгінде істің қиюын келтіріп, нәпақасын кәсібінен тауып жүрген жандарды көргенде іштей қуанасың. Ауыз толтырып айтуға оңай болғанымен кәсіп ашып, оны одан әрі дөңгелетіп әкету екінің бірінің қолынан келе бермейді. 12 жылға жуық визажист және шаш сәндеуші болған Гүлмира үкімет тарапынан берілетін қолдауды күтіп отырмай-ақ, тапқан табысын жинақтап екі қабатты ғимаратты салуды бастаған. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бірінші қабатында сән салонын ашып, екіншісінде ауылдастарына арнап фитнес клуб ретінде жабдықтаған. Ол жерде 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бесігін де, кәсібін де ұмытпаған Гүлмира күйеуі Даниярмен үш қызды тәрбиелеп отыр. Сондықтан ауылдағы балабақша қажеттілігі туындағанда, ол ойланбастан өз қаржысын балабақша ашуға салыпты. Қазіргі таңда кәсіпкердің еңбегі нәтижесін беріп, «Балапан» бағдарламасының қолдауымен 55 баланы тәрбиелеуге, 10 қызметкерді жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туған. Кәсібінің көкжиегін одан әрі кеңейткен кәсіпкер келіншек, тағы бір бағытта өз ісін бастаған. Нақтырақ айтқанда, осы айдың алғашқы күнінен сұлулық салонының мамандар дайындайтын орталығы жұмысын бастаған. Бұның бәрі, әрине, Гүлмира Измаханованың үйлесімді ұйымдастыруының нәтижесі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях