Жетісу жеріне жолдамамен 443 дәрігер келеді

Жетісу жеріне жолдамамен 443 дәрігер келеді

Биыл Алматы облысына жолдамамен 443 дәрігер келетіні жоспарланып отыр. Бүгінде өңірге 500-ден астам медицина маманы қажет, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметінше 2009-2018 жылдар аралығында Жетісу өңіріне 2162 дәрігер келген. Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы түрлі жеңілдіктер жасалды. Баспанамен қамтылып, пәтер алуға жеңілдетілген несие, сондай-ақ көтермеақы берілді. Бірақ облыс халқының саны өсуіне байланысты өңірге әлі де бірқатар маман жетіспейді. Сондықтан аталмыш басқарма «Жас маман» бағдарламасын әзірлеп, жоғары оқу орындарынан келетін мамандарды қарсы алуға дайындалуда. Басқарма басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, өңірге 160-тан астам жалпы тәжірибедегі дәрігер, 40 акушер-гинеколог, 60-қа жуық хирург және басқа да салалық мамандар келуі тиіс.

– Медицинада қызмет сапасын жоғарылату үшін дәрігерлерге қаралатын адамдардың саны, яғни жүктемесі тиісті болуы тиіс. Бір дәрігерге 1700 адам қаралуы керек. Сондықтан ол көрсеткішке жету үшін біз дәрігерлер санын көбейтуіміз қажет, – деді Бауыржан Ысқақ.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях