Қазіргі таңда аудан орталығы Қаскелең қаласында жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының ерекшелігі жаяу жүргінші жолақтарына тас төсеніштер орнатылады екен. Ол асфальтке қарағанда сәндік әрі сапасы жағынан төзімдірек. Сондай-ақ, олардың ортасы ашық болғандықтан жауған қар, жаңбырдың жерге сіңіп кетуіне байланысты сыну қауіптілігі де төмендейді. Ұзақ уақытқа, әдемі әрі ыңғайлы. Тапсырыс берген мекеменің көздеп отырғаны да осы. Алдымен бұл бастама Каскелең қаласының Жанғозин көшесінің бойында іске асырылмақ. Жол жиегіне жасалынатын өзгерту жұмыстарының ұзындығы 2 км құрап отыр. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолымен қоса арнайы велосипедтерге арналған жолақшалар да болады.
Егерде аталмыш бастама тұрғындар жағынан қолдау тауып көңілінен шығатын болса, тапсырыс беруші мекеме ауданға ұсыныс тастау арқылы қаланың басқа да орталық көшелерінде орнату жоспарларында бар екен.