Алматы облысында Наурыз мейрамы қалай тойланады?

Алматы облысында Наурыз мейрамы қалай тойланады?

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Халқымыз үшін айрықша осы бір мейрамды атап өту үшін облыс бойынша он күн бойы әртүрлі іс-шаралар өткізілетін болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Jetisý media» ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Алиновтың айтуынша, он күндік шара аясында облыстың барлық аймақтарында еріктілердің атсалысуымен ескерткіштер маңында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Асық, тоғызқұмалақ, дойбы, хан дойбы сияқты ойын түрлерінен және қалалық спорт мектептерінде жасөспірімдер арасында қазақша күрестен қалалық турнирлер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді істер атқарылады. Қала мектептерінде ежелгі әдет-ғұрыптарды жаңғырту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, эссе жазу, дискуссиялық ток-шоулар өткізіледі. Кітапханалар мен білім беру мекемелерінде ақындар мен жазушылардың шығармаларының тұсаукесерлері ұйымдастырылады.

Пандемиялық ахуалға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн түрде өтіп, әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда «Талдықорған әуендері» ХФЭА-ның думанды кеші арқылы беріледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях