«Жасыл елдің» кезекті маусымы басталды (видео)

«Жасыл елдің» кезекті маусымы басталды (видео)

Ауданымызда «Жасыл ел» жасағының кезекті маусымы басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қазақстандық жастардың басым көпшілігінің басын біріктірген «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа жұмыс маусымы басталды. 2005 жылы Елбасы бастамасымен құрылған бағдарлама өз ісін 16-шы рет жалғастыруда.

Жаңа маусымның ашылу орай «Жасыл ел» еріктілері бүгін осы жылдағы алғашқы ауданды абаттандыру жұмыстарына қатысты. Нақтырақ айтқанда, оқушылар, студенттер мен жастардан құралған топтар қолдарына кетпен ұстап, аудандық әкімдік ғимараты мен мәңгілік алау аланыңдағы қаулап кеткен арамшөпті жұлды, айналасын тазартты. Бұл жұмыстарға 30 адам қатысты.

Бір айта кетерлігі, өңіріміздің жастары табиғаттың көркі мен тазалығының сақталуына өзінің үлесін қосып жатқан «Жасыл ел» сапында 16 мен 29 жас аралығындағы кез келген азамат жұмыс істей алады. Биыл жазда «Жасыл ел» үш ай бойы жұмыс істейтін болады. Бір ай еңбек еткен жастарға жұмысына қарай лайықты қаражат төленеді. Яғни, жасақтың әр мүшесі айына 56 мың теңге көлемінде жалақы алатын болады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях