Жастардың жақсы ісі

0
2493

Жақында, Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығы «Ардагерлерді ардақтайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл жобаның негізгі мақсаты қарияларды қадір тұтып, оларға көңіл бөліп, құрметтеу болатын.

Міне, осыған орай Қаскелең қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Бутин Павел Павловичтың үйіне «Аяжан» медициналық колледжінің студенттері барып, есік алдында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жастардың мұндай ізгі ісіне қатты риза болған майдангер оларға үлкен алғысын айтып, ақ ниетін білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь