Жастар ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді  

Жастар ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді   

Қарасай ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Сатыбекованың соңғы қаулысындағы  ағымдағы жылдың 1 мен 15  сәуір  аралығындағы күндері  карантиндік шаралар  күшейтілді. Осыған орай, аудандық Жастар ресурстық  орталығы мен эко-волонтерлер  бірлесіп  Қаскелең қаласы бойынша санитарлық талапты сақтаудың қажеттілігіне байланысты акция өткізді,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

«Бетперде тағыңыз» деп аталатын шара еріктілер қала тұрғындарына қауіпті індетке қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Сонымен қатар, жастар қоғамдық орындарда және адамдар көп шоғырланатын аймақта тәртіп талаптары мен санитарлық ережелерді естен шығармауға шақырды. Оған қоса, аудандық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 1  сәуірден бастап енгізілген шектеу шараларына қатысты мәлімет беріп,  жадынама қағаздарын таратты. Нақтырақ айтқанда,  еріктелер қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлері жабылып, тек жеткізу бойынша жұмыс істейтіні,  мектептер, білім нысандары түгелдей толықтай онлайн форматқа көшетіні, балабақшаларда тек бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтар істейтіні, базарлар 30% толымдылықпен жұмыс күндері 10.00 — 17.00 аралығында ауысып, базарлар жексенбі жабылатыны, ал, құрылыс және автобөлшек дүкендері, гипермаркет пен супермаркеттер сенбі-жексенбі жабылатыны, Қазпошта торабы мен ХҚКО, банктер алдын ала жазылу және санитарлық талапты сақтай отырып жұмыс істей беретіні жайлы  толықтай ақпараттандырды.  Аталмыш іс-шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях