Жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алған болатын. Осыған орай біздің аудамызда да бірқатар іс-шаралар қолға алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен аптаның сенбісінде Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында аудандық полиция қызметкерлері аталмыш акция аясында аудан жастарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Басқосу барысында аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенбаева аталмыш акция аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нақтырақ айтқанда, шарада жастар әр тұлғаның құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқық бұзушының әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы, сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алуы жайында ақпараттармен танысты.

Мұнан бөлек, оларға отбасы немесе өзге адамдардан қысым көрген жағдайда не істеу керектігін және де қай жерге жүгіну болатындығы жайлы түсіндірілді.

Шара соңында қатысушыларға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелері туындаған кезде іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях