Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Жамбыл облысында алтын кенін заңсыз өндіретін орын анықталды. Оны Мойынқұм ауданында 52 жастағы алматылық ұйымдастырған. Ер адам ұсталып, одан қару тәркіленді,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс болған жерді тексеру барысында полицейлер тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қолдан жасалған сегіз тұтандырғыш тәркіленді.

«Анықталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях