Жамбыл ауданында жаңа емхананың құрылысы басталды

Жамбыл ауданында жаңа емхананың құрылысы басталды

Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш және Қарғалы ауылдарында өзге өңірлердегі сияқты жылдан жылға халық саны өсуде. Осы ретте ауылдарда медициналық қызметке деген сұраныс та артты. Мәселені шешу мақсатында биыл мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, аудан орталығы Ұзынағаш ауылында жаңа емхананың құрылысы басталды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аудан әкімі Нұрлан Ертастың айтуынша, біраз жылдар бұрын Ұзынағашта күніне 50 адам қабылдауға арналған емхана салынған еді. Алайда адам саны өскен сайын тұрғындар тарапынан қазіргі аурухананың ғимарат халық санына сәйкес келмейді деген шағымдарды көбейе бастаған. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, қазіргі уақытта ауылда 250 келушіге арналған медициналық мекеменің құрылысы басталды.

Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша Жамбыл ауданында 16 медициналық нысан салынатын болады. Яғни ауданда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салынып, дәрігерлер үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады. Соның арқасында ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасы жақсаратын болады деп жоспарланған.

– Ұзынағашта жаңа емхананың салынуы барша тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Бұдан бөлек жерлестерімді тағы бір жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. Ауруханамызда кардиохирургия бөлімі ашылады. Оған қажет арнайы құрал-жабдықтар қазірдің өзінде алынып жатыр. Бөлімше аурухананың үшінші қабатында жұмыс істейтін болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта жаңа бөлімшеде істейтін аурухана мамандары оқытылуда жатырмыз, дегенмен алғашқы кездері аудандық дәрігерлер Алматыдағы кардиохирургтармен кеңесіп отыратын болады, – деді Жамбыл аудандық орталық аурухананың директоры Дамир Сұраужанов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях