Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ертас Нұрлан Ертасұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ертас Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын «MotoLink» ЖШС бастығы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Теміржол, Мыңбаев селолық округтерінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 жылдың ақпан айынан – Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях