Жаңашамалған ауылдық округ әкіміне үміткерлер таныстырылды

Жаңашамалған ауылдық округ әкіміне үміткерлер таныстырылды

Аудан әкімі Жаңашамалған ауылдық округ әкіміне лайықты үміткерлерді таныстырды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қашанда ауылдың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік жағы жақсару үшін әкімнің атқарған жұмысына байланысты. Сондықтан жаңадан сайланатын ауыл басшысы өзінің атқарар жұмысына сай жүйелі жоспарын да  білуге тиісті. Осындай мақсат-міндеттерді асқан жауапкершілікпен сезінер деген ниетпен бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев Жаңашамалған ауылдық округіндегі қазақ орта мектебінде жиын өтікізіп,  округ әкіміне лайықты деген үміткерлерді таныстырды. Халық қалаулыларының таңдауымен сайланатын ауыл басшысы болуға лайықты үміткерлердің арасында Жеңіс Ноғайбаев, Алпамыс Айдаров және Мерхат Ахметов сынды азаматтар болды.

Өз кезегінде Жандарбек Ермекұлы үміткерлердің мемлекеттік қызметте атқарған тәжірибесі мол екенін айтып, ауылдың әл-ауқаты мен абыройын арттырар деген сенімін білдірді. Ал, жиынға қатысып отырған ауыл ақсақалдары мен мектеп басшылары жоғарыда аталған азаматтарды жылы қабылдап, болашақ ауыл басшысына қашанда қолдау білдіретінін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях