Жаңа волейбол алаңы ашылды

Жаңа волейбол алаңы ашылды

Райымбек ауылдық округіне қарасты «Аист» ипподромының маңында Ұлы жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған жаңа спорт клубтың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі. Үлкен іс-шара қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаевтың бастауымен ұйымдастырылып, оған кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, профессорҚазақ КСР халық артисі Асанәлі Әшімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысты.

Қазір ауданымызда спорт саласына ден қойып, халыққа қажетті көптеген үйірмелер, дене шынықтыру залдары мен ойын алаңдарының ашылуына өз үлестерін қосып, көмек қолын созып жүргендердің реті көбеюде. Жаңадан есігін ашқан «Буревестник Алматы» атты волейбол алаңы да жоғарыда айтылған азаматтардың қатарындағы, нақтырақ, Амангелді Смағұлұлының ықпалымен ашылып отыр. Бұл жерде үш ойын алаңы бар. Біреуі жабық болса, екіншісі жағажай волейболына арналып істелген. Ал, үшіншісі ашық, жасөспірімдерге арналып жасалған. Салтанатты ашылуда сөз алған Асанәлі Әшімов, Алик Жатқамбайұлы мен Жандарбек Ермекұлы бір ауыздан Амангелді Шабдарбаевқа ризашылығын білдіріп, жастардың спортпен айналысуына үлкен септігін тигізіп жатқанын алға тартты. Бұл іс-шара мұнымен ғана тоқтала қоймай, сегізге жуық волейболшылар командасынан тұратын жастардың жарысына жалғасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях